Криштиану Роналду Лионель Месси мен Икер Касильястың рекордын қайталады

15.09.2021, 14:39
Роналду 177 матчта 36 командаға гол соққан екен.
Криштиану Роналду Лионель Месси мен Икер Касильястың рекордын қайталады

"Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Криштиану Роналду Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде "Янг Бойзға" қарсы матчта мергендігімен көзге түсті. Осы голдың арқасында португалиялық шабуылшы Лионель Мессінің рекордын қайталады, деп хабарлайды Opta.

"Янг Бойз" - Чемпиондар лигасында Роналду гол соққан 36-шы клуб. Бұрын бұл көрсеткіш бойынша Лионель Месси жеке-дара көш бастаса, қазір қос ойыншы бұл нәтиже бойынша теңесті.

Еске салайық, "Янг Бойзбен" өткен матч Роналду үшін "Манчестер Юнайтедке" оралғаннан кейін Чемпиондар лигасындағы алғашқы кездесу болды. Португалия құрамасының шабуылшысы үшін бүл Чемпиондар лигасындағы 177-ші матч болды. Осылайша, ол аталмыш турнирде ең көп матч өткізген Икер Касильяспен теңесті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×