«Қайратпен» болатын матчқа «Омонияның» үш ойыншысы қатыспайды

15.09.2021, 16:16
Үш ойыншы да жарақатына байланысты Қазақстанға келмейді.
«Қайратпен» болатын матчқа «Омонияның» үш ойыншысы қатыспайды

Никосиялық «Омония» УЕФА Конференция лигасының алғашқы турында алматылық «Қайратпен» болатын матч алдында бірнеше ойыншысынан айырылды.

Кипрлік команданың Қазақстанға үш ойыншысы бара алмайды. Жарақатына байланысты қорғаушы Иоаннис Кусулос пен жартылай қорғаушылар Эрик Ботеак пен Миккел Дискеруд бұл матчқа қатыспайды.

Естеріңізге сала кетейік, «Қайрат» пен «Омония» арасындағы Конференция лигасының топтық кезеңіндегі матч 16 қыркүйекте Алматының «Орталық» стадионында өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×