"Қайсар" Қазақстан Кубогінің алғашқы турында "Астананы" қабылдады. Матч Қызылордадағы Ғани Мұратбаев атындағы стадионда өтіп, 0:0 есебімен аяқталды.
Елордалық клуб бұл ойынға тек жастарды шығарды. Негізгі құрамдағы ойыншылардан тек Исламбек Қуат пен Роман Мұртазаев қана алаңға шықты.
Бір ұпайды қанағат тұтқан қызылордалық клуб С тобында бірінші орынға шықты. Андрей Тихонов шәкірттері бір саты төменде тұр. Ертең турнирлік кестеде өзгеріс орын алуы мүмкін. Себебі бұл топта "Ақтөбе" мен "Ақжайық" командалары да күш сынасады.
Біздің серіктес: FONBET