«Қайсар» пенальти сериясында «Ордабасыға» есе жіберді

01.09.2022, 04:49
Жартылай финалда шымкенттік клуб «Астанамен» кездесетін болады.
«Қайсар» пенальти сериясында «Ордабасыға» есе жіберді

Қазақстан кубогінің ширек финалында «Қайсар» мен «Ордабасы» өзара мықтыны анықтады. Матч Қызылордадағы Ғани Мұратбаев атындағы стадионда өтіп, 1:1 есебімен аяқталды.

Кездесудің 56-минутында Всеволод Садовский баспен гол соғып еді, 75-минутта Амал Сейітов есепті теңестірді. Матч соңындағы пенальти сериясында «Ордабасы» ойыншылары өздеріне берілген төрт мүмкіндікті де ұтымды пайдаланды. Сондай-ақ шымкенттік клубтың қақпашысы Тимурбек Зәкіров үш соққының екеуін қайтарды. Нәтижесінде 4:1 есебімен Александр Седнев шәкірттері жеңіске жетті.

Жартылай финалда «Ордабасы» «Астанамен» кездесетін болады.

«Қайсар» – «Ордабасы» – 1:1 (по пенальти – 1:4)

«Қайсар»: Никита Калмыков (қ) – Елисей Горшунов, Жоао Педро, Артём Дылевский (Абылайхан Төлегенов 72), Елжас Сарбай, Мағжан Бауыржан (Ислам Әбілқасов 87) – Бекзат Кұрманбекұлы (Мақсат Байжанов 78), Сергей Бондаренко (Амал Сейітов 46) – Елжас Алтынбеков, Дидар Жалмұқан (Руслан Сахалбаев 46), Өркен Махан;

Қосалқы құрам: Нұрымжан Салайдин (В) – Константин Горизанов, Әділбек Жұмаханов, Аян Кұлмағанбетов – Демият Сламбеков – Адама Диалло, Кирилл Сидоренко;

«Ордабасы»: Тимурбек Зәкіров (ө) – Никита Шершнёв, Сағадат Тұрсынбай, Доминик Динга, Одилбек Абдумажитов, Акмаль Бахтияров – Самат Шәмші (к), Александр Батищев – Эльхан Астанов (Батырхан Тәжібай 88), Максим Федин (Дмитрий Бородин 79), Всеволод Садовский;

Қосалқы құрам: Бекхан Шайзада (қ) – Әділхан Добай – Муроджон Халматов, Зикрилло Сұлтаниязов – Хамза Якуди;

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×