Уэсли Фофана «Челси» ойыншысы ретінде таныстырылды

01.09.2022, 04:18
21 жастағы қорғаушы жеті жылдық келісім-шартқа қол қойды.
Уэсли Фофана «Челси» ойыншысы ретінде таныстырылды

«Лестер Ситидің» қорғаушысы Уэсли Фофана «Челсиге» ауысты, деп хабарлайды лондондық клубтың ресми сайты. 21 жастағы француз футболшысы «Челсимен» 7 жылдық келісім-шартқа отырды. Трансфер құны 70 миллион фунт стерлингті құрады.

«Соңғы екі күн мен үшін өте маңызды болды. Мен өте бақыттымын. Таңертең мен командамен бірге жаттығу жасадым, арманым орындалды. Мен «Челсиге» қосылғаныма қуаныштымын, осы ұлы команданың жанкүйерлері үшін ойнағым келеді. Мен мұнда трофей жеңу үшін келдім және клубтың да басты мақсаты сол», - деді Фофана.

Еске салайық, Фофана 2020 жылдың күзінде франциялық «Сент-Этьеннен» «Лестерге» 35 миллион еуроға ауысты. Содан бері қорғаушы англиялық клуб үшін 52 матч өткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×