«Қайсар»: Жаңа маусым алдында

11.02.2012, 18:23
«Қайсар»: Жаңа маусым алдында
Қызылордалық команда 2012 жылғы футбол маусымына жоспар бойынша дайындалуда.   Жаттығу процессі жолдастық кездесумен алма-кезек өтуде. "Қайсардың" кезекті спарринг-қарсыласы румыниялық "Газ-метан". Соңғы оқу-жаттығу жиыны аясында әр қапталды күшейте алатын бірнеше футболшылар сынақтан өтті. "Қайсар" футбол клубы басшылығының шешімімен мына футболшылармен келісімшартқа қол қойылды. Олар: Талғат Сыздықов, Руслан Эсатов, Азиз Анарметов, Алдан Балтаев, Жасұлан Молдақараев, Сүйіндік Көшеков, Асхат Тағыберген, Шыңғыс Таңатқанов, Анатолий Малков, Серік Сағындықов, Александр Стахив, Думан Нарзілдаев және Мұрат Ысқақов. Сондай-ақ, бапкерлер кеңесі А. Байтенов, О. Хромцов, Л. Хайдучек және М. Любимкиннің қызметтерінен бас тартты. Ал Д. Дүйсембаев пен А. Төлегенов жаңа маусымды қосалқы құрамда бастайды. fckaysar.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×