U-17 аталатын еліміздің жаспөспірімдер құрама командасын Карлес Марторелл жаттықтыратын болды. Бұл мәліметті бұрын естідік. Бүгін арнайы баспасөз мәслихатында түбегейлі түсіндік. Испания өрендерін баптап, Қазақстан Президенті кубогының иегері атанған Карлеспен тілдесудің сәті түсті. - Қазақстанға бұрын да келдік қой. Ел футболы туралы еміс-еміс естілді. Енді анық-қанығына көз жеткізу үшін келіп жатырмыз. Мынаны айтайын. Ойым жергілікті балаларды аяқдопқа баулу. Әзірше екі жылдық келісімшартқа қол қойдық. Кейін тағы екі жылға созуымыз мүмкін. Іске алаңсыз кірісу үшін бала-шағамды да алып келемін. Демек сіздің футболға біржола берілеміз. - Балалар футболы ақсап тұрғаны анық. Ұсынар ем-дом бар шығар? - Неге болмасын, кез келген істі түзеуге болады ғой. Испанияда әбден шыңдалдым. Каталонияда білім алдық дегендей. Әзірбайжан барып, футбол үйреткенімді естіген шығарсыздар. Осы ойынды бір кісідей біліп отырмыз. - Құрамаға іріктеу қалай жүреді? Белгілі тізімге қарап отырып па? - Сауал түбі тереңде жатқанын түсінемін. Әзірше солай. Бірақ уақыт өте шын таланттарды табамын деген үміттемін. - Испан футболының жұлдызды шағы қазір. Бірақ бұрынғы жігіттер мықты көрінеді бізге. Сантельяна заманы, Луис Арконада тұсы. - Шынымды айтайын. Маған бүгінгі испан футболы ұнайды. Допты әдемі ұстайды. Шетінен шебер. Сіз айтқан заманда ойыншылар қара күшіне сенетін. Қазір техникаға мән береді. Айтпақшы, биыл Испания құрамасы әлем біріншілігінде.. - Егер Испания Бразилияда топ жарғанда онда әлемдік футболда қасірет орын алар еді... - Түсінбедім. - Түсінетін несі бар. Испанияны ешкім ұтқан жоқ. Испания өзі жеңіле салды.. - Ойыңыз қызық екен. Дегенмен өз жоспарымды да айта кетсем.. - Мистер Карлес, жоспардың жаманы болмайды. Орындаларын айтыңыз. Тау қопару қиын. Жоқ жерден жеңімпаз команда шығару да. Лобановскийдің айтқаны бар еді. «Қазақтар Азия футболын меңгерсе жөн», - деп... - Түсіндім. Жапонияның жылдам футболы испаниялықтарда бұрыннан бар екенін айтсам ше. Чави, Иньесталар сондай ойыншылар. - Келісеміз, әрине. Бірақ біздің футболда бір өзгеріс орын алды... - Рахмет. Сеніміңізге... - Бір біріміздің сөзімізді бөліп жатырмыз. Бірақ әңгіме осылай болуы керек қой. Құлағым жақсы естиді. Дегенмен отыра бере сіз не дедіңіз? - Қайырлы күн. Қазақша емес пе? - Дәл солай. Қазаққа сәлем бергеніңізге шын жүректен рахмет. Сіздің іске береке берсін. - Сізге де. Футбол жайындағы екеуара әңгіменің соңы бұл емес деп ойлаймын. Авторы: Амангелді Сейтханов