Қайырымдылық турнирі өтті

29.11.2012, 18:18
Қайырымдылық турнирі өтті
«Олжа» спорт ұйымының жабық кешенінде футболдан қайырымдылық турнир өтті. Турнирдің жалпы жүлде қоры 65000 теңге құрады. «Бұл шараның өзге жарыстардан ерекшелігі – турнирден түскен түсім қаламыздың жетімдер үйінің біріне кетеді», бұл туралы турнирдың басты ұйымдастырушысы 17 жасар оқушы Назар Ибраимов жарыс барысында айтты. Төрт группадан құралған барлығы 13 команда жиналды. Тартысты бәсеке плей-офф форматында екі қатарлас орналасқан футбол алаңдарында өтті. Қатысушы-командалардың санын көптігін ескере отыра, дәстүрлі футболдан салыстырғанда ойындар екі 7 минуттан тұратын қысқа тайымнан болды. Турнирдың басты жүлдесін «B» группасынан шыққан «Smiliki» атты командасы иеленді. Екінші орынды «D» группасынан «Горный united» қанжығасына байласа, қоланы «Жетісу» мен «Кантера» өкілдері өзара бөліп алды. Айта кететін жәй – қатысушылардың көптен бір бөлігі Алматы қаласының студенттері. Олардың көздерінде әлемдегі №1 спорт түріне деген шексіз махаббаты аңғаруға болды.   sportsarap.com порталының меншікті тілшісі Сымбат Көпберген
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×