Қарағандыда алғаш рет аула клубтарының лигасы құрылды

11.08.2011, 15:42
Қарағандыда алғаш рет аула клубтарының лигасы құрылды
Мақсат – мектеп оқушыларының жазғы демалысын мазмұнды өткізіп, оларды салауатты өмірге бейімдеу,-дейді «Нұр Отан» партиясының белсенділері. Енді екі апта бойы облыстың бар өңірінен жиналған жүздеген команда шағын футболдан өзара сынға түспек. Аула клубтарының лигасы келешекте футболсүйер жастардың басын біріктіретін ірі одаққа айналмақ. Оның құрылуына орай ұйымдастырылған аймақтық турнирге қатысуға барлығы 87 команда ниет білдіріпті. Жарыс үй аулаларындағы жасанды жасыл төсеніш жайылған 8 футбол алаңында өтеді. Мирас Құттыбай, Қарағанды облыстық «жас отан» жастар қанатының төрағасы: -Енді бұл турнир жыл сайын өтеді. Сол арқылы біз жастардың арасында салауатты өмір салтын насихаттап, оларды ішімдіктен, темекіден аулақ болуға шақырамыз. 12 жасар Юрий Комендантов «Арсенал» командасының капитаны. Команда құрамындағы балалардың барлығы бір аулада тұрады, футбол ойнап жүргендеріне бес жыл болыпты. Жақында олар мектеп біріншілігінде бас жүлдені жеңіп алған. Бұл жолғы жарыста да жеңістен үмітті. Юрий Комендантов, команда капитаны: -Біз бірінші орынды жеңіп алуға күш саламыз. Қарсыластарымыздың да осал еместігін білеміз, бірақ біздің тәжірибеміз бар. Командамыз өте ұйымшыл. Жарыс жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталады. Сондай-ақ жарысқа қатысушылар осы маусымда «Шахтер» командасының барлық ойынын тегін тамашалай алады. «Хабар» Агенттігі
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×