Сирия құрамасының бас бапкері Низар Махруз пресс-конференция өткізді

11.08.2011, 17:25
Сирия құрамасының бас бапкері Низар Махруз пресс-конференция өткізді
Кеше «Астана-Арена» стадионында өткен Қазақстан және Сирия жолдастық кездесуінде қос құрама бірін-бірі ала-алмады.Ойын біте салысымен Сирия құрамасының бас бапкері Низар Махруз пресс-конференция өткізді. Сирия құрамасының бас бапкері Низар Махруз «Бұл ойын тең қос құрама арасындағы дүбірлі дода болды. Тең нәтиже - бұл ойыннның әділ қорытындысы болды деп ойлаймын. Алғашқы тайм біздің басымдылығымызбен өтсе, екінші таймда допқа Қазақстан құрамасы иелік етті. Ойынның екінші бөлігінде біздің ойыншы  алаңнан қуылғандықтан , бізге қиындау болды. Алайда қарсыластарымыздың бізді оңай олжа етуіне жол бермедік, тең нәтижені сақтап қала алдық.» - Қазақстан құрамасы сапынан кімді жақсы ойын өрнегін көрсетті деп айта аласыз -17 (Гридин) және 15 (Нөсербаев) нөмірдегі ойыншылар, сонымен қатар ойынға соңынан қосылған 10 (Хайруллин) , 7 (Кукеев), 20(Остапенко) нөмірлі ойыншылар жақсы ойнады. Қазақстан құрамасының қос қапталдан жасаған шабуылдары мен шеткі жартылай қорғаушылардың бір-біріне асырған пастары бізді біраз әуреге салды. -  «Астана – Арена» стадионындағы синтетикалық газон сіздерге біраз бөгет болмады ма ? - Мүлде олай емес. Біз Оңтүстік Кореяда өткізген ойында да синтетикалық газон болатын. Азияның көптеген елдерінде «Астана – Аренадағы» секілді газондар қолданылады. Сондықтан да біз табиғидан гөрі жасанды газонға үйреніп қалдық. - Қазақстан құрамасының ойынының қандай жақтарын ұнаттыңыз? - Қорғаныстан шабуылға тез көшу, қос қапталдан жасалған шабуылдар. Және маған ерекше әсер еткен Қазақстан құрамасының жанкүйерлері болды. - Қазақстанға сапарыңыз несімен есте қалады деп ойлайсыз? Өткен ойынның құрамаңызға әкелген пайдасы неде деп ойлайсыз? - Ойын тартысты өтті.  Біз Еуропа құрамасымен мықты әрі епті ойын көрсеттік. Бәрі керемет болды.Транспорт, қонақ үй, жаттығу, пресс-конференция, бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысы – бәрі өте жақсы дәреже де болды.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×