Қарағандылық футбол клубы «Шахтерді» дамытуға 477 млн теңге жұмсалмақ

02.03.2012, 22:02
Қарағандылық футбол клубы «Шахтерді» дамытуға 477 млн теңге жұмсалмақ

Жаңа футбол маусымында қарағандылық «Шахтер» командасын дамытуға 477 млн теңге жұмсалмақ, деп хабарлайды облыстық әкімшілік баспасөз қызметі.

«20 ақпанда премьер-лига клубтарының арасындағы футболдан Қазақстанның XXI чемпионаты қарсаңында облыс әкімі Әбілғазы Құсайынов қарағандылық «Шахтер» клубының ойыншыларын қабылдап, жаңа маусымдағы команданың алдында тұрған міндеттерді талқылады», - делінген хабарламада.

 «Бұл кездесу сіздер үшін жемісті болып, одан кейінгі ойындарыңыздағы жеңістерге жол бастайды деп сенемін. Оның үстіне сіздер УЕФА чемпиондар Лигасында өнер көрсететін боласыздар», - деді облыс әкімі.

 Өткен маусымда клубтың тарихында тұңғыш рет қарағандылық «Шахтер» командасы премьер-лига клубтарының арасындағы футболдан Қазақстанның XX чемпионатында жеңімпаз атанған болатын.

 «Ал, алдағы маусымға келер болсақ, қазір қаржыландыру мәселесі шешіліп жатыр. Шығындардың бір бөлігі облыстық бюджеттен болса, қалған бөлігін «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы мен «ENRC-Көмек» өз мойнына алмақшы. 2012 жылға арналған өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумдарға сәйкес олар жалпы көлемі 477 млн. теңгедей қаражат бөлетін болады», - деп көрсетілген хабарламада.

 Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сәйкес, жаңа маусымға дайындық шеңберінде команда Түркияда үш оқу-жаттығу ойындарын өткізіп қайтты. Он бақылау матчында «Шахтер» жеті рет жеңіске жетіп, екі мәрте ойын тең аяқталды. Бұл біздің командамыздың бабында екендігін айқын аңғартады.

 «Шахтердың» құрамы білікті ойыншылармен де толыға түсті. Дегенмен оның чемпиондық негізгі құрамы сол күйінде қалғандығын да айта кеткен жөн.

 Жаңа маусымдағы жоспарлары туралы, оның қандай құрамда ойнайтындықтары жөнінде футбол клубының атқарушы директоры Ерден Халилин, бас бапкер Виктор Кумыков және команда капитаны Андрей Финонченколар айтып берді.

 «Биылғы маусымда алдарыңызда чемпиондық атақты сақтап қалу міндеті тұрғандығын өздеріңіз де түсініп отырсыздар. Бұл - өте маңызды міндет. Чемпиондық атақты сақтап қалу арқылы сіздер өткен жылғы жеңістің кездейсоқтық емес, ұзақ уақыт бойғы төккен тер мен еселі еңбектің заңды нәтижесі екендігін дәлелдейсіздер», - деді кездесу соңында Әбілғазы Құсайынов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×