Қазақстан біріншілігіндегі ауыс-түйістер жайлы

28.11.2013, 19:38
Қазақстан біріншілігіндегі ауыс-түйістер жайлы
imgpreview Белоруссиялық "Гомель" командасының 26 жасар жартылай қорғаушысы Филипп Рудик Атырау командасының қатарын толықтыруы мүмкін. Рудик  "Нафтан"(2005) ,"БАТЭ"(2011)  секілді командаларда, сондай-ақ Белоруссия жастар құрамасында ойнаған. ********************************************************************************************************************** загруженное Шымкенттік "Ордабасының" 27 жасар жартылай қорғаушысы Азат Нұрғалиев өз командасымен 2 жылдық келісім-шарт жасасты. Азатқа Алматының "Қайрат" командасы қызығушылық танытқан болатын. ********************************************************************************************************************** images (3) Өзбекстан құрамасының бұрынғы жаттықтырушысы Вадим Абрамов "Астана" футбол клубының тізгінін ұстады. Бұл туралы «Sports.kz» республикалық интернет-порталы мәлімдеді. **********************************************************************************************************************  загруженное (1) Дмитрий Шомко керекулік «Ертіс» командасында қалмайтын болды.Шомконың еншісінде 27 ойын, 4 гол. Бұл ойыншыға қазақстандық командалардан бөлек Ресей клубтары да қызығушылық танытып отыр.  ********************************************************************************************************************** загруженное (2) "Ертіс" командасының және Қазақстан Ұлттық құрамасының ойыншысы Павел Шабалин келер маусымда Ақтөбе командасында өнер көрсететін болды. Шабалин "Ертіс" сапында 27 ойын өткізіп 3 голдың авторы атанған. ********************************************************************************************************************** загруженное 28 жасар чехиялық "Ақжайық" командасының жартылай қорғаушысы Павел Черны  талдықорғандық "Жетісу" командасының басты назарында. Өткен маусымда Павел Черны оралдық команда сапында 31 рет жасыл алаңға шығып, 7 рет қарсылас қақпасының кілтін таба білді.Ақжайық командасында барлығы 45 мәрте ойынға шығып, 8 голдың авторы атанды.     ********************************************************************************************************************** загруженное (3) Колумбиялық футболшы,қарағандылық Шахтер командасының ойыншысы Роджер Каньяс украиналық команданың біріне ауысуға жақын.Қай клуб екені нақты белгісіз.Еуропа Лигасының тотық кезеңінің соңғы ойынынан кейін Украинаға жол тартпақ.Яғни 12 желтоқсан күні Каньяс Шахтердегі соңғы ойындарының бірін өткізбек. Колумбиялық легионер"Шахтер" командасына 2012 жылы келіп 2 рет ел чемпионы атанды және Қазақстан Кубогын иеленді.Қарағандылық клубта 53 рет алаңға шығып 7 голды өз еншісіне жазды. ********************************************************************************************************************** Абылайхан ЖҰМАШ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
Серіктес жаңалықтары
×