Қазақстан Футбол Федерациясының Президенті Ерлан Қожағапанов мырзаның назарына!

04.01.2015, 20:00
Қазақстан Футбол Федерациясының Президенті Ерлан Қожағапанов мырзаның назарына!

кожагапановҚұрметті, Ерлан Тоқтарханұлы, Сіз өз қызметіңізге келмей тұрып, 2014-жылғы футбол маусымының соңына қарай Қазақстан футбол федерациясы бірнеше даулы мәселеге байланысты заңнамалық-тәртіптер жасап шығарды. Яғни, Қазақстан футбол мектебінің түлегі деген ұғым пайда болды. Соңғы жылдары расымен де ел азаматтығын алған шет елдік футболшылар қаптап кетті. Олардың дені негізінен Сербия мен Ресейлік азаматтар еді. Қазақстанның көк паспортын алғанан соң, жергілікті футболшылар әрине де зардап шекті. Қазақстандық футболшыларды қолдау аясында жасалынған бұл заңнамалық-тәртіп өте орынды қабылданды деп есептеймін. Дей тұрғанымен, осы заңнамалық-тәртіпті әлі де болса талқылауға салып, кейбір кемшін тұстарын тағы бір толықтырып өтсе деген тілек бар.

Мысалға, атап өтер болсақ Нидерланды корольдігінің азаматы Мұрат Өнал деген футболшы Қазақстан I-лигасында бір маусым өнер көрсетті. Көптеген қазақстандық жанкүйерлер Мұраттың ойынына тәнті болды. Голландиядан ата-қонысын аңсап келген Мұраттай бауырымыз үшін біз тек қана қуаныштымыз. Жас шабуылшы енді тағы да Қазақстан чемпионатында футбол ойнауы үшін, әрі біздің елде сырттан келген келімсек футболшылар көп екендігін біліп, Қазақстан азаматтығын алуда. Сонымен қатар, футболшымыз оралман статусында иемденбек. Өйткені, Мұрат Өналдың ұлты қазақ.

оналСізден сұрайтынымыз, Қазақстан азаматтығын осы жақында алғанымен, ұлты қазақ болып саналатын азаматтарға жеңілдік жасасақ. Қазақстан футбол мектебінің түлегі болмағанымен, ұлты қазақ футболшыларды легионер деп өзектен теппесек. Әйтпесе, Германия мен Түркияда, сонымен қатар, Еуропаның көптеген елдерінде доп теуіп жүрген қаншама қандасымызды қазақ футболына жақындата алмаймыз. Кәрі құрлықтың даңқты футбол академияларынан тәлім алған қазақ жігіттері ел футболының дамуына үлес қосары анық. Бізге белгілі болып отырғандай, Еуропа жасыл алаңдарында доп теуіп жүрген бірнеше жас футболшы Қазақстанға келуді армандайды. Өтінішімізге түсіністікпен қарап, қаны бір қандас бауырыңызға қолғабыс етерсіз деген ойдамын.

Ермұхамед МӘУЛЕН «Аладоп.Кз» сайтының редакторы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×