Қазақстан футболындағы жаңалықтар

07.07.2015, 08:03
Қазақстан футболындағы жаңалықтар
Қазақстан футболындағы жаңалықтар Мустафа Аласан Жаржу жақын арада «Ертіс» сапына келіп қосылмақ. Гамбия ұлттық құрамасының 29 жастағы шабуылшысы Бельгия, Канада елдерінде өнер көрсеткен. ************************************************************************************************************ Павлодарлық «Ертіске» бразилиялық футболшы Антонио Феррейра келуі мүмкін. Футболшы 2010 — 2014 жылдары ресейлік «Терек» командасында ойнаған. ********************************************** Сербиялық шабуылшы  Джордже Деспотович «Қайраттың» қатарын толықтырды. Спорттағы мансабын ең алғаш 2010 жылы белградтық «Сопот» командасында бастаған. Сербиялық «Спартак Златибор Вода», «Црвена Звезда», бельгиялық «Локерен»  клубтарында өнер көрсеткен. Жаңа маусымда талдықорғандық «Жетысу» сапына келіп қосылған Деспотовичке еліміздің бірнеше клубтары қызығушылық танытқан. Футболшының таңдауы «Қайрат» командасына түсті. Жаңа командасында 28 — ші нөмірлі жейдемен өнер көрсететін шабуылшының келесімшарт мерзімі  жылдың соңына дейін. ******************************************************************** Тоқтар Жаңғылышбай «Астана» командасынан кетіп, алматылық «Қайратқа» жалға келді. Үлкен футболдағы мансабын  қарағандылық «Шахтер» клубында бастаған Тоқтар 5 жыл кеншілердің намысын қорғады. 2015 жылы елордалық «Астана» командасының ойыншысы атанып, негізгі құрамнан орын ала алмаған футболшы клуб ауыстыруды жөн санады. ********************************************************************* Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Ұлан Қонысбаев «Астана» командасынан кетіп Алматыға қоныс аударды. Енді ол «Қайрат» клубының жейдесімен жасыл алаңда өнер көрсететін болды. Ұлан жаңа командасында жылдың соңына дейін жалға ойнайды. Тараз өңірінің тумасы «Астана» және «Шахтер» командаларымен Қазақстан Премьер лигасының жеңімпазы атанған. ********************************************************************* Хорватиялық шабуылшы Эдин Юнузович «Қайсар» клубынан кетті. Футболшы «Ордабасыға» қайтып оралуы мүмкін. Эдин Юнузович. Фото с сайта ФК "Ордабасы" ****************************************************************** «Астана» командасы Словения ұлттық құрамасының ойыншысы Бранко Иличпен толықты. Футболшы бұған дейін сербиялық «Партизан» клубында ойнаған. Ойнаған клубтары: Олимпия» (Словения), «Домжале» (Словения), «Бетис» (Испания), ФК «Москва», «Локомотив» (Ресей), «Анортосис» (Кипр), «Хапоэль» (Тель-Авив, Израиль), «Партизан» (Белград). Словениияның (U-21) жастар құрамасында ойнаған. Словения ұлттық құрамасында 57 ойын өткізген. ******************************************************************** 17 жастағы Геворг Наджарян «Астана» сапын толықтыруы мүмкін. Қазақстан жастар құрамасының капитаны ішкі біріншілікте 8 ойын өткізіп, 1 голдың авторы атанған. Жас футболшыға мәскеулік «ЦСКА» клубы қызығушылық танытқан. ********************************************************************** Алексей Мулдаров қызылордалық «Қайсар» командасынан қарағандылық «Шахтерға» ауысты. Алексей  «Ақтөбе» сапында 52 ойын өткізіп, 2013 жылы ел чемпионы атанды. Қазақстан ұлттық құрамасында 3 ойын өткізген. Абылайхан ЖҰМАШ  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×