![Қазақстан құрамасы Аустрия жерінде жолдастық матч өткізеді](https://aladop.kz/cache/imagine/1200/uploads/post_items/2021/04/30/04738b3df7a4afee644a662063744c1b.jpg)
7 маусым күні Талғат Байсуфинов баптайтын Қазақстан құрамасы Аустрияның Вольсберг қаласындағы «Лавенталь Арена» стадионында Мальта құрамасымен жолдастық кездесу өткізетін болды.
Ұлттық құрамамыз 2003 жылы Валеттада жолдастық матч өткізіп, Мальта ұжымымен 2:2 тең түскен болатын.
Естеріңізге сала кетейік, 4 маусым күні Қазақстан құрамасы Приштина қаласында Косово құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді.
Еске салайық, 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Талғат Байсуфинов шәкірттері екі ойын өткізіп үлгерді - өз алаңында Францияға есе жіберді (0:2), ал сырт алаңда Украинамен тең ойнады (1:1). Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі жорығын қыркүйек айында жалғастырады. 1 қыркүйек күні Украина құрамасын қабылдаса, 4 қыркүйекте Финляндияға, 8 қыркүйекте Боснияға қонаққа барады.
Біздің серіктес: FONBET