Футзалдан Қазақстан құрамасы Әзербайжанмен екінші жолдастық кездесуін өткізді. Ақтаудағы «Халық Арена» спорт кешенінде өткен матч 6:5 есебімен аяқталды.
Аоаң иелері сапында Шыңғыс Есенаманов, Тайнан және Альберт Ақбалықов екі голдан соқты. Ал қарсылас команданың құрамында Вилела хет-трик жасады, қалған екі голды Луиз Сезар мен Курдов өз еншісіне жазды.
Кака шәкірттері кеше Әзербайжан құрамасын 5:3 есебімен жеңген болатын.
Еске салайық, Қазақстан әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын 8 қазан күні өз алаңында Словенияға қарсы өткізеді.
Біздің серіктес: FONBET