Ресей құрамасы Еуропа чемпионатынан шеттетілді

21.09.2022, 15:02
Ресей футболы құрдымға кетіп барады.
Ресей құрамасы Еуропа чемпионатынан шеттетілді

Футболдан Ресей құрамасы Еуро-2024 турнирінің іріктеу кезеңіне қатыспайды. Бұл туралы Ресей футбол одағы (РФО) өзінің ресми сайтында хабарлады.

«УЕФА-ның ақпан айында қабылдаған ресейлік командалар мен клубтардың еуро додаға қатысуын тоқтату туралы шешімі әрі қарай да әрекет етуде.

УЕФА шешіміне қарсы Лозаннадағы Спорттық арбитраждық сотқа шағым түсіргенімізбен, апелляцияны қабылдамады. Қазіргі уақытта Одақ CAS шешімінің толық мәтінін күтуде, оның нәтижелері бойынша алдағы қадамдар туралы шешім қабылданады», - деді РФО баспасөз қызметі.

Еске салайық, Еуро-2024 іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі 9 қазанда Франкфурт қаласында (Германия) өтеді. Еуропа чемпионатының өзі 2024 жылдың 14 маусымы мен 14 шілдесі аралығында өтеді, турнирге 24 команда қатысады.

Бұған дейін УЕФА Ресей құрамасын 2022 жылғы әлем чемпионатының плей-офф кезеңінен шеттеткен болатын. Сонымен қатар ресейлік клубтарға 2022/2023 жылғы маусымда еурокубок турнирлеріне қатысуға тыйым салынған болатын.

Айта кетейік, қазір Ресей құрамасы қыркүйек айындағы оқу-жаттығу жиынын өткізуде. 24 қыркүйекте Валерий Карпин шәкірттері Қырғызстан құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×