Қазақстан мен Беларусь арасындағы матчтың төрешілері белгілі болды

21.09.2022, 17:28
Бұл матч румыниялық төрешілерге сеніп тапсырылды.
Қазақстан мен Беларусь арасындағы матчтың төрешілері белгілі болды

Хорациу Фесник бастаған румыниялық төрешілер бригадасы Ұлттар лигасы аясындағы Қазақстан мен Беларусь құрамалары арасындағы ойынға қазылық етеді, деп хабарлайды УЕФА ресми сайты.

Фесникке қос қапталдан Валентин Аврам мен Александру Черец көмектеседі. Ал төртінші төреші қызметін Раду Петреску атқарады.

Еске салайық, Қазақстан - Беларусь матчы ертең, 22 қыркүйекте «Астана Аренада» өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×