Еліміздің басты командасы рейтингте он бір сатыға жоғарылады
Еліміздің басты командасы рейтингте он бір сатыға жоғарылады
Қазақстан ұлттық құрамасы Халықаралық футбол қауымдастықтарының федерациясы (ФИФА) жариялаған рейтингте он бір сатыға жоғарылады. Жаңа рейтинг 2022 жылдың 23 маусымында шықты.
Қазақстан құрамасы жаңартылған рейтингте 114-орынға жайғасты. Бұған дейін еліміздің басты командасы 125-орында тұрған еді.
Айта кетейік, Магомед Адиев жаттықтыраты Қазақстан құрамасы маусым ойында төрт ойын өткізді Әзербайжан (2:0), Беларусь (1:1) және екі рет Словакиямен (1:0, 2:1) ойнады.
ФИФА рейтингі. 23 маусым 2022 жыл:
1. Бразилия – 1838 ұпай
2. Бельгия – 1822
3. Аргентина – 1771
4. Франция – 1765
5. Англия – 1737
6. Испания – 1717
7. Италия – 1714
8. Нидерланд – 1680
9. Португалия – 1679
10. Дания – 1665
…
51. Словакия – 1440
96. Беларусь – 1227
113. Сьерра-Леоне – 1168
114. Қазақстан – 1166
115. Гвинея-Бисау – 1165
128. Әзербайжан – 1127
…
211. Сан-Марино – 764.
0 пікір