Қазақстан құрамасы камбэк жасап, сырт алаңда Молдованы жеңді

25.03.2022, 06:00
Екінші таймда жігіттеріміз ес жтып, жеңісті жұлып әкетті
Қазақстан құрамасы камбэк жасап, сырт алаңда Молдованы жеңді

Бүгін Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде Молдовамен алғашқы матчын өткізіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. 

Алаң иелері бірінші таймның қосымша уақытында есеп ашты. Нұралы Әліп тарапынан қысым көрмеген Ион Николаеску алыс бұрышты дәл көздеді. Ал 63-минутта Марат Быстровтың арқасында Қазақстан құрамасы стандарт орындауға мүмкіндік алды. Владислав Васильевтің әуелете асырған пасына Сергей Малый бірінші жетіп, басымен гол соқты. Ойынның 79-минутында Бақтиер Зайнутдиновтің Айбар Жақсылықовқа асырған пасын Молдова қорғаушысы Вячеслав Посмак өз қақпасына енгізіп алды.

Молдова - Қазақстан - 1:2

Молдова: Станислав Намашко (қ) –Олег Рябчук, Вячеслав Посмак, Вадим Болохан, Даниэл Думбравану, Иоан-Кэлин Ревенко – Артур Ионица (к), Михай Платика (Раду Гынсарь 76), Вадим Раце – Михаил Каймаков, Ион Николаеску;

Қазақстан: Игорь Шацкий (қ) – Ғафуржан Сүйімбаев, Нұралы Әліп, Сергей Малый, Александр Марочкин, Марат Быстров – Асхат Тағыберген (к) (Абзал Бейсебеков 84), Думан Нәрзілдаев (Айбол Әбікен 46), Владислав Васильев (Айбар Жақсылықов 65) – Бақтиер Зайнутдинов, Алексей Щеткин (Роман Мұртазаев 64);

Қос команда арасындағы жауапты матч 29 наурызда «Астана Арена» стадионында өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×