Молдова-Қазақстан матчының үздік ойыншысы анықталды

25.03.2022, 14:13
Үш бірдей қорғаушымыз үздіктер қатарынан табылды.
Молдова-Қазақстан матчының үздік ойыншысы анықталды

WhoScored аналитикалық порталы Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде Молдова мен Қазақстан арасында өткен алғашқы матчтағы ойыншылардың ұпайларын жариялады.


Қазақстан құрамасы сапында Молдоваға гол соққан қорғаушы Сергей Малый (8,2) матчтың үздік ойыншысы деп танылды. Бірінші таймның соңында қақпамызды голдан аман сақтап қалған Александр Марочкин (7,4) екінші орынға жайғасса, үздік үштікті Нұралы Әліп түйіндеді (7,3).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×