Италия екінші рет қатарынан әлем чемпионатына қатыспайды

25.03.2022, 14:46
Манчини командасы жартылай финалда Солтүстік Македонияға жол берді.
Италия екінші рет қатарынан әлем чемпионатына қатыспайды

Бүгін, 25 наурызда Италия мен Солтүстік Македония құрамалары арасында 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында жартылай финалдық кездесу өтті. Палермодағы (Италия) «Ренцо Барбера» стадионында өткен матч 1:0 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды.

Ойындағы жалғыз голды 92-минутта Александр Трайковский соқты.

Енді Солтүстік Македония финалда Португалиямен күш сынасады. Осы ойынның жеңімпазы әлем чемпионатына берілетін жолдамаға ие болады.

Ал Италия құрамасы қатарынан екінші рет әлем чемпионатынан тыс қалып отыр. Естеріңізде болса, өткен жазда Роберто Манчини командасы Еуропа чемпионы атанған еді.

Әлем чемпионатының іріктеу тобында Италия Швейцария, Солтүстік Ирландия, Болгария және Литва құрамаларымен шеберлік байқасты. «Скуадра Адзурра» 8 ойында 16 ұпай жинап, топта екінші орын алды. Ал бірінші орын алған Швейцария тікелей әлем чемпионатына шықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×