Сергей Малый ұлттық құрамада ең көп матч өткізген алты ойыншының қатарына енді

25.03.2022, 20:37
Сергей кеше ұлттық құрамадағы алғашқы голын соқты.
Сергей Малый ұлттық құрамада ең көп матч өткізген алты ойыншының қатарына енді

«Тобылдың» 31 жастағы қорғаушысы Сергей Малый Молдоваға қарсы матчта (2:1) Қазақстан құрамасындағы 53-ші ойынын өткізді.

Луганск футболының түлегі Қазақстан құрамасы сапында ең көп кездесу өткізген алты ойыншының қатарына енді. Сондай-ақ Сергей кеше Қазақстан құрамасындағы алғашқы голын соқты.

Малый ұлттық құрамада 2014 жылы 5 наурызда Литва құрамасына қарсы жолдастық кездесуде (1:1) дебют жасаған болатын.

Қазақстан құрамасында ең көп матч өткізген ойыншылар тізімі (1992-2022 ж.):

1. Самат Смақов – 76 ойын;

2. Руслан Балтиев – 73;

3. Нұрбол Жұмасқалиев – 58;

4. Юрий Логвиненко – 57;

5. Андрей Карпович – 55;

6. Сергей Малый – 53;

7. Сергей Хижниченко – 52.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×