«Астана» голландиялық шабуылшымен толықты

26.03.2022, 01:13
Футболшы бұған дейін өз еліндегі белді клубтарда доп тепкен.
«Астана» голландиялық шабуылшымен толықты

«Астана» футбол клубы нидерландылық шабуылшы Рай Влутпен келісім-шартқа отырды. 

Рай – Еуропада өнер көрсеткен тәжірибелі ойыншы. Футболдағы кәсіби мансабын өз еліндегі ПСВ командасында бастады. Одан бөлек, «Эйндховен», «Камбюр» және «НАК Бреда» клубтарының намысын қорғады.

«Мен осында келіп, «Астана» футбол клубының бір бөлігі болғаныма өте қуаныштымын. Мен қалаға кеше ғана келдім. Өте әдемі жер екен. Алғашқы ойынымды асыға күтудемін.

Сәлем, «Астана» футбол клубы! Мен осында болғаныма өте қуаныштымын. Жанкүйерлерді жақын арада стадионнан көремін деп үміттенемін. Мен оларды қуанту үшін барымды саламын», - деді Влут.

26 жастағы шабуылшы соңғы кездері «Хераклесте» доп тепті. Влут осы уақытқа дейін бас-аяғы 250-ден астам матчқа қатысып, 84 гол соғып, 29 нәтижелі пас берген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×