Қазақстан құрамасының үш ойыншысы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кедеңіндегі Финляндиямен болған ойында (0:1) дебюттік матчтарын өткізді.
"Каспийдің" қорғаушысы Мақсат Тәйкенов пен "Шахтердің" шабуылшысы Айдос Тәттібаев алғашқы минуттардан бастап өнер көрсетті. Бірақ екеуі де екінші таймда ауыстырылды.
Сондай-ақ 81-минутта Георгий Жуковтың орнына "Тобылдың" жартылай қорғаушысы Самат Жарынбетов шықты.
Үш футболшы үшін де бұл матч еліміздің негізгі құрамындағы дебюттік ойыны болды.
Біздің серіктес: FONBET