Қазақстан құрамасы Сирия құрамасымен жолдастық кездесу матчын өткізеді

15.07.2011, 19:40
Қазақстан құрамасы Сирия құрамасымен жолдастық кездесу матчын өткізеді
10 тамызда Қазақстан құрамасы Сирия құрамасымен жолдастық кездесу өткізбекші. Ойын елордада «Астана Арена» стадионында өтеді. Мирослав Беранектің шәкірттері осы кездесумен оқу-жаттығу құрамын тәмамдайды. Бұған дейін Қазақстан мен Сирия командалары үш мәрте кезіккен. Алғашқы ойын 1995 жылдың 21-маусымында Дамаскіде Азия Кубогы-1996 іріктеу турнирінде өткен. Онда алаң иелері жеңіске жеткен - 2:0. Жауаптық матч Алматыда, 12-шілдеде өткен. Матч тағы да сириялықтардың жеңісімен аяқталды - 0:1. Екі құраманың соңғы кездесуі тағы сирилықтардың еншісінде кетті, Иорданияда өткен жолдастық кездесу қорытындысы - 0:4. Қазақстан мен Сирия құрамалары аралығындағы матчтардың статистикасы № 16 матч СИРИЯ — ҚАЗАҚСТАН 2:0 Азия Кубогы-1996 іріктеу турниріндегі матч. ҚАЗАҚСТАН: Воскобойников, Нейштетер, Дузев, Жуненко, Курдюмов, Евтеев, Кучерявых (Еңсебаев 73), Низовцев, Қайназаров (Ниязымбетов 63), Мирошниченко, Калабухин (Юрист 46) Главный тренер — Серик Бердалин 21 маусым. Дамаск. № 18 матч ҚАЗАҚСТАН — СИРИЯ 0:1 Азия Кубогы-1996 іріктеу турниріндегі матч. Гол: Нехад Буши 9 ҚАЗАҚСТАН: Ишутин, Еңсебаев, Дузев, Курдюмов, Кучерявых, Масудов (Ниязымбетов 68), Логинов, Авдеев (Қожабергенов 46), Пацай (Макаев 56), Гумар, Котов Бас бапкер — Серік Бердалин 12 шілде. Алматы. Орталық стадион. № 43 матч ҚАЗАҚСТАН — СИРИЯ 0:4 (0:1) Халықаралық жолдастық турнирдегі матч. Голдар: Аззам 26 (0:1), Аль-Буши 56 (0:2), Мустафа 57 (0:3), Аль-Битар 82 (0:4) ҚАЗАҚСТАН: Лория, Кротов (Самченко 46), Құлшынбаев, Қадырқұлов, Галич, Балтиев (Логинов 66), Мамонов, Котов (Күмісбеков 46), Фамильцев, Лотов, В. Богатырев Бас бапкер — Ваит Талгаев 26 мамыр. Амман (Иордания). Абдулла II атындағы стадион.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×