Қазақстан құрамасы тарихи жеңіске қол жеткізді

07.06.2022, 07:42
Адиев шәкірттері қатарынан екінші матчта жеңіске жетіп, өз тобында жеке-дара көш бастады.
Қазақстан құрамасы тарихи жеңіске қол жеткізді

Футболдан УЕФА Ұлттар лигасының екінші турында Қазақстан Словакиямен кездесті. Матч Трнава қаласындағы Антон Милотинский стадионында өтіп, 0:1 есебімен аяқталды.

Матчтағы жалғыз әрі жеңісті голды 26-минутта Аслан Дарабаев соқты. Ал нәтижелі пасты Эльхан Астанов өз атына жазды.

Екінші кезеңде словакиялық футболшылар алға қарай ұмтылды. Біресе тепкен добы қақпа бағанына тисе, кейбір сәттерде Игорь Шацкий тамаша сейвтерімен көзге түсті. 77-минутта Алмаши есімді шабуылшы гол соғып еді, бірақ VAR жүйесінің арқасында есепке алынбады.

С лигасының үшінші тобында қазақстандық футболшылар 6 ұпаймен көш басында тұр. Одан кейінгі орындағы Словакияның 3 ұпайы болса, Беларусь пен Әзербайжанның бір-бірден ұпайы бар.

Қазақстан құрамасы келесі ойынын 10 маусымда сырт алаңда Беларусьқа қарсы өткізсе, одан кейін 13 маусымда өз алаңында Словакияны қабылдайды.

Ұлттар лигасы, С дивизионы, екінші тур

Словакия – Қазақстан – 0:1

Гол: Аслан Дарабаев 26

Сары қағаздар: Владимир Вайсс 32, Юрай Куцка 39, Лукаш Гараслин 61, Ладислав Алмаси 83 – Тимур Досмағамбетов 29, Нұралы Әліп 37, Игорь Шацкий 73, Артур Шушеначев 74. Сергей Малый 86, Бағдат Қайыров 87

Словакия: Марек Родак (қ) – Юрай Чватал, Милан Шкриньяр (к) (Мартин Вальент 43), Норберт Гимбер, Мартин Косцельник (Давид Стрелец 83) – Станислав Лоботка, Юрай Куцка, Владимир Вайсс (Томаш Суслов 46), Иван Шварц (Лукаш Гараслин 46) – Альберт Руснак (Роберт Боженик 71), Ладислав Алмаси;

Қазақстан: Игорь Шацкий (қ) – Тимур Досмағамбетов, Нұралы Әліп, Сергей Малый, Александр Марочкин, Михаил Габышев (Бағдат Қайыров 65) – Исламбек Қуат (к), Аслан Дарабаев (Самат Жарынбетов 73), Эльхан Астанов (Владислав Васильев 73), Рамазан Оразов (Ян Вороговский 59) – Абат Айымбетов (Артур Шушеначев 65);

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×