Қазақстан құрамасы тәжірибелі қорғаушымен толықты

13.06.2022, 00:02
Футболшы командалық жаттығуға қатысуда.
Қазақстан құрамасы тәжірибелі қорғаушымен толықты

Қазақстан құрамасына «Ақтөбе» командасының қорғаушысы Юрий Логвиненко келіп қосылды, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.

Тәжірибелі футболшы Словакиямен болатын матч алдындағы командалық жаттығуға қатысуда. Команданың жеті күнде үш кездесу өткізгенін ескерсек, Юрийдің ертеңгі ойынға қатысу мүмкіндігі жоғары.

Бұл ойынға екі сары қағазы бар Исламбек Қуат қатыса алмайды. Бірақ оны сырт алаңдағы матчтарға қатыспаған Асхат Тағыберген алмастырады. Өткен ойында жарақат алған Рамазан Оразов та командалық жаттығударға қатысуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×