ПСЖ италиялық шабуылшыға көз тікті

12.06.2022, 20:50
23 жастағы шабуылшы Италия құрамасының болашағы ретінде бағалануда.
ПСЖ италиялық шабуылшыға көз тікті

ПСЖ «Сассуоло» және Италия құрамасының шабуылшысы Джанлука Скамакканы сатып алуға мүдделі және 23 жастағы футболшы үшін 45 миллион еуро ұсынуға дайын, деп хабарлайды журналист Экрем Конур өзінің Twitter парақшасында.

Бұған дейін шабуылшыға лондондық «Арсеналдың» қызығушылық танытқаны туралы хабарланған болатын. Дереккөздің хабарлауынша, италиялық клубтың басшылығы «канонирлердің» 41 миллион еуролық ұсынысынан бас тартты. Скамакка ПСЖ-дан кеткелі жатқан Мауро Икардиді алмастырмақ.

Джанлука Скамакка өткен маусымда «Сассуоло» сапында барлық турнирлерде 38 ойынға қатысып, 16 гол соқты, бір нәтижелі пас берді. Transfermarkt порталы 23 жастағы шабуылшының нарықтық құнын 30 миллион еуроға бағалап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×