Гарет Бэйл мансабын Италияда жалғастыруы мүмкін

12.06.2022, 19:53
Уэльстік футболшы еркін агент атанды.
Гарет Бэйл мансабын Италияда жалғастыруы мүмкін

Мадридтік «Реалдың» бұрынғы шабуылшысы Гарет Бэйл мансабын А сериясында жалғастыруы мүмкін. Уэльс құрамасының ойыншысы «Рома» клубына ұсынылған, деп хабарлайды Calciomercato.

Айта кетейік, Бэйл бұған дейін де «Романы» жаттықтырып жүрген Жозе Моуриньомен бірге жұмыс істеген. Жаттықтырушы мен футболшының жолдары 2020/2021 жылғы маусымда «Тоттенхэмде» тоғысқан еді.

Бэйлдің «Реал Мадридпен» келісім-шарты 2022 жылдың 30 маусымында аяқталады. Уэльс ойыншысына «Кардифф Сити», «Ньюкасл Юнайтед» және MLS клубтары қызығушылық танытқан болатын. Сондай-ақ Гарет испаниялық «Хетафеге» ұсынылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×