Украина қақпашысы мансабын аяқтады

12.06.2022, 17:17
Қақпашы өз құрамасы үшін 102 кездесу өткізді.
Украина қақпашысы мансабын аяқтады

37 жастағы қақпашы Андрей Пятов Украина құрамасындағы мансабын аяқтады.

«Мен бас бапкермен соңғы матчты 11 маусымда өткіземін деп келіскен едім. Бірақ Ирландиямен ойын қарсаңында мен жарақат алып қалдым, содан кейін дәрігер үш апталық үзіліс қажет екенін айтты. Одан бір матч ойнай аламын ба деп сұрадым. Ол кісі ауруды басатын дәрі ішсем, қолымнан келетінін айтты.

Осы матчқа атсалысқан барлық жігіттерге алғысым шексіз. Мен өте қуаныштымын. Бұл біздің қандай тату ұжым екенімізді тағы бір рет көрсетіп берді. Барлық жанкүйерлерге рахмет, олар керемет қолдау көрсетті. Ойынға өте мұқият дайындалдым. Бірақ соңғы ысқырықтан кейін мен эмоциямды іште ұстай алмадым. Мен өте қуаныштымын, барлығына алғысым шексіз. Енді тек Украина құрамасына жанкүйер боламын. Келесі ойын Ирландиямен өтеді, экран алдында жігіттерге қолдау көрсетемін. Тек алға! — деді Пятов Football.ua сайтына берген сұхбатында.

Еске салайық, Пятов Украина құрамасында 2007 жылы дебют жасаған еді. Содар бері ол 102 кездесу өткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×