Қазақстан құрамасы Украинамен ойнамайтын болды

12.01.2022, 16:00
Команданың маңызды ойыншылары Қазақстанға келе алмай жатыр.
Қазақстан құрамасы Украинамен ойнамайтын болды

Aladop.kz сайтына белгілі болғандай, футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының оқу-жаттығу жиындарына өзгеріс енгізілді.

Кака шәкірттері Украинамен 2 жолдастық матч өткізуі тиіс еді. Алайда елдегі жағдайға байланысты бұл матч өтпейтін болды.

19 қаңтар күні жалауын желбірететін Еуропа чемпионатына құрамамыз Алматы - Киев - Амстердам бағытында ұшуы тиіс болған. Енді құрама елордадан ұшып шығу нұсқасын қарастыруда.

Айтпақшы, үйлеріне демалысқа кеткен Игита, Дуглас, Тайнан үшеуі Қазақстан аумағына келе алмай жатыр. Әуежай ашылса, олар бірден елордаға келетін де шығар. Әйтпесе, тікелей Нидерландыға жол тартуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×