Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа тәлімгері Магомед Адиев Ұлттар лигасының ойындары қарсаңында бапкерлер штабында қызмет ететін мамандарды анықтады, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.
Магомед Адиевке Евгений Коструб, Руслан Балтиев және Арслан Халимбеков көмектесетін болады. Ал қақпашыларды Валерий Ситало жаттықтырады. Заур Нозадзе сарапшы қызметіне тағайындалды.
Бұған дейін Адиев 32 ойыншыдан тұратын ұлттық құраманың кеңейтілген тізімін жариялаған еді. Оқу-жаттығу жиыны 24 мамырда Нұр-Сұлтанда басталады.
Біздің серіктес: FONBET