Қазақстан құрамасының қатарында өзгеріс орын алды

20.05.2022, 17:02
Магомед Адиев жарақат алған шабуылшыны алмастырды.
Қазақстан құрамасының қатарында өзгеріс орын алды

Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізіміне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды ҚФФ ресми сайты.

Тізе жарақатына байланысты «Тобылдың» шабуылшысы Айбар Жақсылықов алдағы кездесулерге қатыспайды. Оның орнына ұлттық құраманың оқ-жаттығу жиынына волгоградтық «Ротордың» ойыншысы Алексей Щеткин шақыртылды.

Сондай-ақ ұлттық құрамаға «Ақтөбенің» қорғаушысы Әлібек Қасым да шақырту алды.

30 жастағы Щеткин осы маусымда «Ротор» үшін 19 матчқа қатысып, 3 гол соқты. Ал Әлібек «Ақтөбе» жейдесінде он ойынға қатысып үлгерді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×