Қазақстан құрамасының қазан айындағы матчтарына қатысқан жанкүйерлер саны белгілі болды

13.10.2021, 17:40
Кешегі ойынға 8 мыңнан көп жанкүйер жиналған екен.
Қазақстан құрамасының қазан айындағы матчтарына қатысқан жанкүйерлер саны белгілі болды

Қазақстан құрамасының қазан айындағы матчтарына 21 262 көрермен қатысты, деп хабарлайды KazFootball.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтанда Босния және Герцеговина құрамасына қарсы ойынға 12 897 көрермен жиналды. Ал Финляндия құрамасына қарсы екінші матчқа 8 365 көрермен қатысты.

Ағымдағы іріктеу циклінде Қазақстан құрамасының жеті ойынын жалпы 41683 көрермен стадионнан тамашалады. Бұл ретте Франция мен Украина құрамаларына қарсы көктемгі матчтардың көрерменсіз өткенін айта кеткен жөн.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×