Қазақстан құрамасының шабуылшысы ауыр жарақат алды

08.02.2021, 03:20
Ертең шабуылшыға ота жасалады деп күтілуде.
Қазақстан құрамасының шабуылшысы ауыр жарақат алды

«Ордабасы» клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Тоқтар Жаңғылышбай ауыр жарақат алды. Бұл туралы клубтың бас бапкері Александр Седнёв хабарлады.

- Жаңғылышбай ауыр жарақат алды. Ертең оған Стамбулда ота жасалады, мен барлығы ойдағыдай өтеді деп сенемін. Біз Тоқтардың қатарға оралуын асыға күтетін боламыз. Мұндай жағдайлар спортта, әсіресе футболда жиі болады, ол жаттығуда жарақат алып қалды, біз бұл үшін өте қатты өкінеміз.

Қазіргі сәтте мен оның алаңға қашан оралатынын айта алмаймын, себебі мұны болжау өте қиын, бірақ менің ойымша бұл мерзімінің аз болмасы сөзсіз. Мұның барлығы отадан кейін белгілі болады, біз тек жақсылықтан үміттіміз.

Сонымен қатар бүгінгі ойында біздің жас ойыншымыз Муроджон Халматов та жарақат алып қалды. Ертең біз оны тексерістен өткізетін боламыз, жарақат ауыр болмайды деп сенемін. Біз үшін бұл ауыр соққы және біз өзіміздің футболшыларымыз үшін алаңдаймыз, барлығы ойдағыдай болады деп үміттенемін.

"Ордабасы" ФК баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×