Қазақстан УЕФА қатарынан шығуы мүмкін

29.03.2011, 23:16
Қазақстан УЕФА қатарынан шығуы мүмкін
Темірхан Досмұхамбетов таң қаларлық жаңалық айтудан шаршар емес. Бүгін мәжіліс сағатында сөз алған ол Қазақстан футбол федерациясын УЕФА қатарынан шығарып, Азия қауымдастығына қайтадан қосу керек деген пікір айтты. Оның ойынша, қартамыс ғаламнан гөрі сары құрлықта Қазақстан футболшыларының мүмкіндігі мол. Азия құрлығында доп тепсе, 1-6 орындар арасына таласуға болады. Бұл туралы ҚФФ президенті Әділбек Жақсыбековпен де әңгімелескенін жасырған жоқ. Министрдің бұл сөзі іске аса ма, жоқ па оны уақыт көрсетеді. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы УЕФА қанатының астына 2002 жылы 25 сәуірде қабылданды. Ол кездегі Футбол Одағының басшысы Рахат Әлиев болатын. http://www.masa.kz/article/view/id/1216
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×