Қазақстан ұлттық құрамасы жолдастық матч өткізеді

18.07.2020, 19:28
Ұлттар Лигасына дайындық матчы болайын деп тұр.
Қазақстан ұлттық құрамасы жолдастық матч өткізеді

Бүгін, 18 шілдеде футболдан Қазақстан мен Черногория ұлттық құрамалары арасында жолдастық кездесу ұйымдастыру туралы ресми келісімге қол қойылды, деп хабарлайды ҚФФ сайтында.

Келісімге екі елдің футбол федерацияларының бас хатшылары Азамат Айтхожин мен Момир Журджева қол қойды. Жоспарланғандай, кездесу 11 қарашада өтеді. Содан кейін Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасы матчына Албанияға барады.

"Менің ойымша, біз мықты қарсылас таңдадық. Черногория құрамасы еуропалық стандарттар бойынша тұрақты және әдемі футбол көрсетеді. Оның өзіндік ойын стилі бар. Әрине, оңай ойын болмайды. Осыдан кейін Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының 15 қарашада өтетін матчына Албанияға аттанады. Жалпы, біз ең сәтті шешімді таптық деп үміттенеміз. Черногория мен Албания географиялық жағынан бір-біріне жақын орналасқан. Біздің команда жолға жұмсалатын қуатты үнемдейді, бізге Черногориядан басқа әлеуетті қарсыластар да ұсыныс тастаған болатын".

"Өкінішке орай, пандемия жарыстың уақытын өзгертті. Әр қадамды есептеу керек, бірақ мұндай жолдастық кездесулер бізге қажет. Біз екі жолдастық ойын өткізу мүмкіндігінен айырылдық, бұл, әрине, команданың жағдайына кері әсерін тигізді. Бірақ біз жағдай жақсарады деп сенеміз, өйткені бұл бағытта біздің елімізде және бүкіл әлемде айтарлықтай күш салынуда. Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары мен жаттықтырушылар құрамы жолдастық матчта да, ресми ойындарда да лайықты футбол көрсетуге бар мүмкіндігін пайдаланып отыр деп сеніммен айта аламын", - деп түсіндірді Қазақстан футбол федерациясы департаментінің директоры Қайрат Нұрдаулетов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×