Қазақстан ұлттық құрамасының үш ойыншысы жарақат алды

06.09.2021, 21:25
Үш ойыншы да ертеңгі матчқа қатыспауы мүмкін.
Қазақстан ұлттық құрамасының үш ойыншысы жарақат алды

Марат Быстров, Абат Айымбетов және Руслан Валиулиннің денсаулықтарында кінәрат бар, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.

Қазақстан – Украина матчынан кейін Руслан Валиулин мен Марат Быстровтың жарақат алғаны белгілі болды. Медициналық тексерістен кейін олардың Босния құрамасына қарсы матч өткізуі неғайбыл болып отыр. Марат Быстровтың өкшесі қатты зақымдалған. Ал Руслан Валиулиннің сіңірі созылғаны белгілі болды.

Финляндия - Қазақстан матчы кезінде Абат Айымбетов иығын жарақаттап алған. Бұл жарақат осыған дейін де шабуылшыны мазалап жүрген еді.

Аталған үш ойыншының ертеңгі матчта алаңға шығуы белгісіз болып тұр. Команда дәрігері ертең ойын алдында нақты шешімін айтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×