Қазақстан жастар құрамасы Испанияға есе жіберді

14.10.2020, 05:35
Қазақстан жастары Еуропа чемпионатына шығу мүмкіндігінен айырылды
Қазақстан жастар құрамасы Испанияға есе жіберді

Қазақстар жастар құрамасы ЕУРО-2021 турнирінің іріктеу кезеңінде Испания құрамасына есе жіберді. Испанияда өткен кездесу 3:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

Бірінші тайм тең дәрежеде өткендей көрінді. Испания бірінші тайм барысында аса қауіпті шабуылдар ұйымдастырған жоқ. Алғашқы голды 65-минутта көре алдық. Уго Гельямин бұл голды өз еншісіне жазды. 71-минутта Дани Гомес есепті еселеді. Ал 85-минутта Гомес дубль авторы атанды.

Үш доп айырмасымен жеңіске жеткен Испания 22 ұпаймен өз тобында жеке-дара көш бастады. Еншісінде 10 ұпайы бар Қазақстан төртінші орында қала берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×