Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Түркиядағы жаттығу жиыны кезінде жергілікті «Ушак Спортиф Генчликспор» командасымен кездесті.
Қазақстан жастар құрамасының бапкері Саулюс Ширмялис алғашқы таймға бір, екінші таймға бөлек команда шығарды. Тек «Ордабасы» ойыншысы Еркебұлан Тұңғышбай ғана алаңда 90 минут ойнады. Бірінші таймда түркиялық клуб есеп ашқан. Ал екінші таймда «Астана» жартылай қорғаушысы Ринат Хайруллин есепті теңестірсе, ойын соңына таман Рауан Сариев екінші голды салып, Қазақстан құрамасына жеңіске жетті.
Бұл матқа қатысқан жастар құрамасының толық құрамы: Грошев (Неупокоев46), Адильханов (Халезов 46), Аслан (Шадукаев 46), Рудосельский (Сартаков 46), Шаихов (Рыбалко 46), Узденов (Тулиев 46), Антипов (Сариев 46), Джалилов (Федин 46), Сулей (Хайруллин 46), Тұңғышбай, Родионов (Куксин 46).
12 қаңтарда Қазақстан жастар құрамасы германиялық «Айнтрахт» клубының жастар құрамасымен жолдастық матч өткізеді. Кейін Ресейдегі Достастық кубогына қатысады.