Қазақстан жастары Исландияны жеңді

06.03.2014, 00:19
Қазақстан жастары Исландияны жеңді

Футболдан 2015 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу ойындары аясында "Астана-Аренада" Исландия жастарын қабылдаған Қазақстан (U-21) құрамасы 3:2 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан құрамасы жастары кездесуді ширақ бастады. Допты бақылауда ұстап жүрген жерлестеріміз қарсыластардың қателесуін бағамдаумен жүрді. 7 минутта қонақтардың қорғаушысы берген пастан кейін қақпашы өз айып алаңында тайып жығылып, Тоқтар Жаңғылышбай Станислав Лунинге тамаша пас асырып, есеп ашты. 12 минутта «Шахтер» шабуылшысы Роман Мұртазаев қақпаны алыстан дәл көздеп, есепті еселей түсті. 28 минутта Романның тағы бір есепті еселеуге мүмкіндігі болды. Бірақ шабуылшы қақпаға дәл бағыттай алмады. 35 минутта «Астана-Арена» стадионының бір жақ қанаты жарығы сөніп, ойын аздап тоқтатылды. Алғашқы тайм аяқталар тұста қонақтар шабуылына жан кіре бастады. Алыстан бірнеше бағыттаған соққысы Стас Покатилов қақпасын жанап өтті. Бірінші таймға хорват төрешісі 6 минут қосты. Және сол алтыншы минут та алаңның бір қанатының жарығы сөнуімен аяқталды. Екінші таймды Исландия жастар құрамасы шабуылмен бастады. 60 минутта қорғаушылардың қателігін сәтті пайдаланған қонақтар футболшысы Фридерссон есепті қысқартты. Араға 6 минут сала бұрыштамадан асырылған допты қонақтар голға айналдырып кетті. 78 минутта Исландия құрамасы үшінші добын жерлестеріміздің қақпасында тулатқан-ды. Бірақ бұл сәтте қонақтар ойыншысы қолмен ойнағаны анықталды. Екінші таймда Саулюс Ширмялис шәкірттері қарсыластарынан екінші қабатта және стандартты жағдайда ойнаудан толықтай жеңіліс тапты. 85 минутта алғашқы голды соққан Станислав Лунин екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Ойынның негізгі уақыты аяқталуға бір минут қалғанда Исламбек Қуат жеңіс добын қарсылас қақпасында тулатты. Жерлестеріміздің жеңісімен құттықтаймыз!     Қазақстан U-21 — Исландия U-21 3:2 (2:0) Голдар: Лунин 7 (1:0), Муртазаев 12 (2:0), Фридьонссон 60 (2:1), Херманнссон 67 (2:2), Қуат 89 (3:2). Ескертулер: Сартаков 18, Лунин 45+7, 86 Алаңнан қуылды: Лунин 86 Қазақстан U-21: Покатилов, Мирошниченко, Қожабаев, Пасечник, Бейсебеков (Пикалкин 92), Сартаков, Исламхан, Қуат, Лунин, Муртазаев (Ли 84), Жаңғылышбай (Ульшин 60) Исландия U-21: Рунарссон, Ингасон, Херманнссон, Магнуссон, Траустасон (Атласон 85, Пальсон 93), Эмильссон (Вильяльмссон 46), Омарссон, Йеоманн, Бедварссон, Фридьонссон, Тораринссон. Төреші: Домагой Вучков (Хорватия) Астана. «Астана Арена».  Автор: Өмірбек Сансызбай http://massaget.kz/sport/zhanalyktar/17469 Сурет: vesti.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×