Қазақстан құрамасы Литвамен тең ойнады

06.03.2014, 05:32
Қазақстан құрамасы Литвамен тең ойнады

Футболдан Түркия жерінде Литва құрамасымен жолдастық кездесу өткізген Қазақстан ұлттық құрамасы 1:1 есебімен тең ойнады.

Жақында ғана құрама тізгінін ұстаған Юрий Красножан командасы алғашқы минуттарда алаңға бой үйрете алмай жатып, гол жіберіп алды. 4 минутта Лукас Спальвис жерлестеріміздің қақпасын дәл көздеді. Алғашқы таймда осы есеп сақталды. 69 минутта қарымта шабуылға шыққан жерлестеріміз таразы басын теңестірді. Гол авторы - Нұрбол Жұмасқалиев. Қазақстандық футболшыларда есепте алға шығуға бірнеше рет мүмкіндік болған. Бірақ нәтиже әкелмеді. Осылайша ресейлік маман Юрий Красножан алғашқы кездесуін тең нәтижемен бастады. 

Қазақстан — Литва 1:1 (0:1) Голдар: Спалвис 4 (0:1), Жұмасқалиев 69 (1:1) Ескерту: Нұрғалиев 90 Қазақстан: Сидельников, Шомко Энгель, Коробкин, Логвиненко, Дмитренко, Шмидтгаль, Жолшиев, Байжанов, Финонченко, Щеткин Орын алмасты: Остапенко, Нөсербаев, Жұмасқалиев, Нұрғалиев, Мокин, Малый Литва: Арлаускис, Вичюс, Киянскас, Боровскис, Ваиткунас, Жалюкас, Панка, Калонас, Спалвис, Черных, Новиковас Орын алмасты: Валскис 5 наурыз. Анталья. Стадион «Mardan Stadyumu».  Дайындаған: Өмірбек Сансызбай http://massaget.kz/sport/zhanalyktar/17470
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×