САУЛЮС ШИРМЯЛИС: ҚАЗАҚТАР БҮГІН БАТЫР МІНЕЗ КӨРСЕТТІ

06.03.2014, 07:04
САУЛЮС ШИРМЯЛИС: ҚАЗАҚТАР БҮГІН БАТЫР МІНЕЗ КӨРСЕТТІ
Футболдан Қазақстанның жастар құрамасының бас бапкері Саулюс Ширмялис Исландия командасына қарсы өткізген ойыннан кейін құттықтаулар қабылдады.  Кездесуден кейін демалыс бөлмесінде шәкірттеріңізге қандай әңгіме айттыңыз?

Ойын аяқталған соң мен барлық футболшыларыма алғысымды білдірдім. Бүгін олар бір команда болып өнер көрсетті. Жеңіске жетуге барлығы қол ұшын созды. Біз бір орында тұрып қалмауымыз керек. Ойыншыларым еуропалық скауттар қазірден бастап көз тігіп жүрген қарсыластарына қарсы терезесі тең ойнады. Тіпті бір сәтте есепті ұстап тұру ойымда болды. Алайда кездесудің аяқталуына 5 минут қалғанда ғана есепті ұстап тұруға болады. Оның үстіне кем дегенде 2 гол айырмасымен ұтып жатсаң.

Бүгін Қазақстан құрамасы бірінші нөмірмен ойнады. Келісесіз бе? Санкт-Петербордағы Достастық Кубогынде барлық қарсыластарымызбен бірінші нөмірмен ойнадық. Әрине бүгінгі матч ол кездесулерден өзгеше. Франция құрамасын өз алаңымызда қабылдаймыз. Оларға да қарсы прессинг жасайтын боламыз. Қарсыласқа басымдықты бермей, керісінше басымызды көтеруіміз керек. Кез-келген командаға алаңдағы кеңістікті бермеуге тырысамыз. Біздің жігіттер осыны түсінгендей. Тарихтан белгігі, қазақ баласы – әрқашанда батыр болған. Бүгін жігіттер өздеріне сенімді ойнады. Артқы шепте ойнаған Исламбек Қуат шабуылшының рөлін атқарып, жеңісті гол салды. Не себепті артқы позицияның ойыншылары емес, шабуылшылар бұл қызметті атқармайды? Тек қана Қуат емес, алаңдағы барлық футболшылар қажет болса гол салуға мүдделі. Мәселе тек шабуылшы тек өз жұмысын, қорғаушы қорғанысқа жауап беруде емес. Футбол – командалық ойын. Сондықтан да керек болса форвард та қорғаныста ойнауы керек.  Абзал Бейсебековке позиция таңдауда қиындықтар туындаған жоқ па? Оның негізгі жұмысы – исландтықтардың 6-шы нөмірлі ойыншысын тоқтату болды. Шабуылға, пастарына блок қою тұрды. Абзал жұмысын атқарып қана қоймай, шабуыл шебіне де жиі шығып отырды. Қалай ойлайсыз Саулюс мырза! Жастар құрамасының ойыны бұрынғыдай Бауыржан Исламханның керемет ойын өрнегіне байланысты ма? Бауыржанның ойынына байланысты айтар болсам, «Командасыз – мен ешкім емеспін» деп Месси айтпақшы, алаңда жалғыз Бауыржан ойнамайды. Біз біртұтас ұжымбыз. Ешкім де көрпесін өзіне қарай тартпауы тиіс. Исламхан ақылды жігіт. Мен оның ойынына тәнтімін. Жоғары деңгейдегі кездесулерде 90 минутқа шыдап беретіндей біздің ойыншылардың физикалық дайындығы қаншалықты мықты? Құрамадағы барлық ойыншының физикалық дайындығы 100 пайыз керемет деп айта алмаймын. Өздері ойнайтын клубта олар негізгі құрамның футболшылары болып саналмайды. Сол себептен оларға көп көңіл бөліне бермейді. Бәрі емес әрине. Бірақ болашақта біз жоғары жетістіктерге қол жеткіземіз деп ойлаймын. Құрамаға ілінген аяқдопшы елін қорғауға керек екенін сезініп, барынша жоғары деңгейде ойнауға тырысады. Бүгінгі жеңістен кейін топтан шығатын мүмкіндік пайда болды ма?  Бүгінгі жеңіс бізге позитивті көңіл-күй сыйлағаны рас. Топтан шығатын мүмкіндік бар. Бірақ өте аз. Алайда үміт үзуге болмайды.

                                                                                             Руслан БАҚЫТЖАН

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×