ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШ РЕТ СПРЕЙ ҚОЛДАНЫЛДЫ

04.03.2015, 21:32
ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШ РЕТ СПРЕЙ ҚОЛДАНЫЛДЫ
"Қазақстанда алғаш рет футбол төрешісі айыппұл соққысын орындайтын алаңдағы нүктені және оның орнын белгілейтін өздігінен жойылып кететін спрей қолданылды", деп хабарлады Vesti.kz.
Бұл 1 наурызда «Астана Арена» стадионында өткен «Астана» ФК мен алматылық «Қайрат» арасындағы Қазақстанның Суперкубогы матчында болды. Бұл кездесу елордалық команданың пенальти сериясындағы жеңісімен аяқталған болатын. Еске сала кетейік, жойылып кететін спрей Бразилиядағы 2014 жылғы әлем чемпионатында ойдағыдай байқаудан өтті және Еуропа біріншіліктерінде кеңінен таралды. Оны Чемпиондар лигасы матчтарында және УЕФА-ның басқа да турнирлерінде, сондай-ақ Франция, Италия, Испания, Англия және Нидерланды чемпонаттарында қолданады. Өздігінен жоғалып кететін спрей 7 наурызда басталатын Қазақстан чемпионатында да қолданылуы мүмкін. ҚазАқпарат
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×