Смақов: Меркель құраманы күшейтеді

04.03.2015, 21:28
Смақов: Меркель құраманы күшейтеді
Ұлттық құрама капитаны Самат Сымақов Александр Меркель туралы өз ойын білдірді. - Кез келген адам «Миланда» және Италияның А сериясында ойнай алмайды. Демек, Меркель ұлттық құрама ойынын күшейте түседі. Александр Меркельмен жеке таныс емеспін. Оның ойынын көрмедім. Ұлттық құрама ойыншылары мен жанкүйерлер сияқты менде оның алаңдағы ойынын көруді асыға күтіп жүрмін. Оның «Штутгардта», Италия клубтарында ойнағанын білемін. Ал футбол мамандары айтуынша, Меркель өте шебер ойыншы. Германия футбол мектебі мықты. Меркельдің Германия жастар құрамасында ойнауы да оған алдағы уақытта көмектеседі деп ойлаймын, — деді Сымақов. Қазақстанда туып, кейін Германияға көшіп кеткен футболшы Александр Меркель жақында ұлттық құрамаға қосылуға өз келісімін берген еді. Ол 28 наурызда өтетін Қазақстан-Исландия ойынына қатысуы мүмкін.Смаков
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×