Бейнеу ауданы футзалды қолға алды

04.03.2015, 03:04
Бейнеу ауданы футзалды қолға алды

Ассалаумағаликүм спортты серiк етiп, аладоп сайтын жiбермей оқитын футбол сүйер ағайын! Футзал спорт ойынына кеңiрек тоқталып өтетiн болсақ, футзалда бес ойыншыдан, екi төрешi төрелiк етедi. Үлкен футболдан айырмашылығы алаң кiшiрек, ережеде ойыннан тыс қалды деген мүлде болмайды. Елiмiзде футзал ойыны жақсы деңгейде дамыған. Соның бiр кепiлi Алматылық "Қайрат" футзал клубының чемпиондар лигасында топ жаруы. Футзалдан құрама командамыздың беделдi ойыншылары саналатын: Серiк Жаманқұлов, Шыңгыс Есенаманов, команданың капитаны Димаш Сүлейменов осындай касiпқой жiгiттерден үлгi алатын, ауданымызда "Бейнеу әуесқой футбол лигасы" құрылғаны анық. Салауатты өмiр салтын қалыптастыру мақсатында сегiз бiрдей команда кiшi алаңда жеңiмпазды анықтамақ. Наурыз айының бел ортасында 14-i мен 15-i аралығында ойын өз мәресiне жетпек. Бұл әуесқой лигада: Бексұлтан, Халык банк, Бейнеу жолдары, Заман, Кеден, жане де Локомотив, Сам, Бейнеу ұн завот терминалы командалары бар. Улкендi-кiшiлi әр ұжымдардан жасақталған командалардың жеңiске деген ұмтылысы зор ынталы. Осындай әуесқой ойыншылардың iшiнде облыс деңгейiнде Бейнеу құрама командасында доп теуiп жүрген Қылышаев Асхат, Бәймбетов Амандық сынды футболшылар жетерлiк. Футзал спортының ауданымызда жастар арасында алдыңғы орында болуы және де қазіргі деңгейде футболға қызығушылық жанкүйер қауымды да елең еткізуі. Қоңыратбай Орынбасар

Бейнеу ауданы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×