Қазақстандағы ең қымбат футболшылар (фото)

05.02.2015, 18:34
Қазақстандағы ең қымбат футболшылар (фото)

Ел біріншілігінде ең қымбат футболышыны анықтау үшін біз бүкіл әлем бойынша футболдағы трансферлік нарықты жіті қадағалап отыратын Transfermarkt.de порталына бас сұқтық. Мұқият зерттедік. Тексердік. Бірден айтайық, бұл портал ұсынған мәліметтерге біз біраз таң қалып қалдық. Себебі, немістің порталы ұсынған мәліметтер бойынша Қазақстандағы ең қымбат деген он ойыншы да легионер болып шықты. Сол ең қымбат деген аяқдопшылардың футбол нарығындағы бағаларына Alashainasy.kz интернет-басылымы шолу жасады.

Порталдың мәліметі бойынша, еліміздегі ең қымбат футболшы – Фокси Кетевуама екен. Елорданың «Астана» клубының намысын қорғайтын жартылай қорғаушының құны – 2 миллион еуро.

Бір айта кетерлігі, өткен жылмен салыстырғанда Фоксидің бағасы айтарлықтай қымбаттапты. Өткен жылы дәл осындай уақытта бұл футболшының құны 1 миллион 300 мың еуро болатын. Тізімнің екінші сатысында Алматының «Қайрат» клубының шабуылшысы Жерер Гоу тұр. Кот-д-Ивуарлық футболшының құны – 1 миллион 800 мың еуро. Өткен жылмен салыстырғанда оның трансферлік бағасында өзгеріс жоқ.

Үшінші орынға «Ақтөбенің» шабуылшысы Алексей Антонов жайғасыпты. Украиналық шабуылшының құны – 1 миллион 500 мың еуро. Өткен жылмен салыстырғанда Антоновтың футбол нарығындағы құны 300 мың еуроға дейін түсіпті.

Тізімнің төртінші орынынан Алматының «Қайратына» жуырда ғана қосылған Яссин Эль-Ганасси ойып тұрып орын алған. Түбі тунистік, бірақ Бельгия азаматтығы бар бұл футболшының құны – 1 500 мың еуро.

Бесінші орында Маркос Пизелли тұр екен. «Ақтөбенің» жартылай қорғаушысының құны – 1 миллион 300 мың еуро. Өткен жылмен салыстырғанда бұл футболшы 200 мың еуроға арзандаған.

Одан кейін Майкл Одибие («Атырау» — 1 миллион 300 мың), Исаэль («Қайрат» — 1 миллион еуро)

Сито Риера («Қайрат» — 900 мың еуро)

Атанас Курдов («Астана» — 900 мың еуро), Данило Неко («Ақтөбе» — 900 мың еуро) сынды футболшылар орналасыпты.

Nur.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×