Қазақстандағы трансфер топтамасы-1

03.12.2013, 07:18
Қазақстандағы трансфер топтамасы-1
  24 жасар Жамбыл өңірінің түлегі Ұлан Қонысбаев Қарағандылық  «Шахтёр» командасына қайта оралды. 1138432-17910693-640-360 Футболшы 2011 жылы «Шахтерде» 11 ойын өткізіп 1 голдың авторы атанған. Кейін ол елордалық Астана командасына ауысып барды.Өткен маусымда «Астана» командасымен ел чемпионатының күміс жүлдегер атанды. 30 ойында 5 голды өз еншісіне жазды. Ұлан«Астана»  командасымен келісім-шарт мерзімі аяқтала салысымен, еркін ойыншы ретінде  «Шахтёр» командасына ауысып барды. Футболшы қазіргі  кезде кеншілер ұжымымен Израиль елінде қысқы оқу-жаттығу жиынында жүр. ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- загруженное "Атырау" командасына белоруссиялық маман Владимир Белявский бас бапкер болып тағайындалды. Оның көмекшісі  ҚФФ-ның бұрынғы директоры белоррусиялық маман Анатолий Юревич болатын болды. ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- goals 4 Михаил Афанасьев  белоруссиялық «Гомель» командасынан кетіп, жаңа маусымда "Атырау" командасының құрамын толықтырмақ. Михаил ресейдің "Кубан" және "Амкар" командаларында өнер көрсеткен. Бұл футболшыдан бұрын  "Атырау" командасына Филипп Рудиктің келетінін хабарлаған болатынбыз. --------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- bajtana_467x600 Жамбыл өлкесінің  21 жасар түлегі Бауыржан Байтананы Тараздың бас бапкері Арно Пайперс өз командасына қайтарып алды. Алдыңғы маусымда Бауыржан Тараз командасынан Тобылға жалға берілген болатын. Қостанайлық команда сапында алаңға 21 рет шығып, 2 нәтижелі пас берген. "Тобыл" бұл ойыншыға жаңа келісім-шарт ұсынған, алайда "Тараз" командасы жас ойыншыны өз командасына қалдыруды жөн санады. ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 1364581188 23 жасар украиналық «Ворскла» командасының шабуылшысы Евгений Будник "Қайрат" командасының Түркиядағы бірінші оқу-жаттығу жиынына қатыспақ.  Украиналық "Арсенал", "Металлист", "Ворскла"  командаларында ойнаған шабуылшы өзін басқа біріншілікте сынап көрмекші. 2 жылда 39 рет алаңға шығып 6 гол соққан шабуылшыға Ворскла командасының ұжымы наразы және Будникті жалға беруге дайын екендерін мәлімдеді. ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- main14416619_3ee709c37179374709b1e536d88729e8 55 жылдық тариха бар "Шахтер" командасының 50 жасар жаттықтырушысы Виктор Кумыков кеншілер ұжымымен 1 жылдық келісім-шарт жасасты. Кеншілер Кумыковтың басшылығымен 2 мәрте ел чемпионы, Қазақстан Кубогын және Суперкубогты ұтып алды. Қазақстандық командалар арасында тұңғыш рет Еуропа Лигасының топтық кезеңіне өтті. ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- photo_23440 Қазақстан чемпионаты тарихындағы ең үздік сұрмергендердің бірі Тараз командасына көшуге жақын. 33 жасар шабуылшыны Тараз командасының бапкері Арно Пайперс оқу-жаттығу жиынына шақырды.Кезінде жамбылдық команда сапында 39 ойын өткізіп 9 доп соққан шабуылшы «Шахтер», «Ертіс», «Астана», «Ақтөбе», «Ордабасы» және «Жетысу» командаларында да ойнаған. ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- Қостанайлық Тобыл командасы 3 легионерімен қош айтысты.                           desouza_455x600   Джоннес Де Соуза  басқа команда іздейтін болды.     8163_76c43f3b57a3ecc8e52e2edafdff9c27   Александр Алумона да "Тобол" командасына керексіз боп қалды.     kurtishi_465x600 Македониялық легионер Менсур Куртиши де" Тобылдан" кетті. --------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- Алматының Қайрат командасы да 3 ойыншысымен қош айтысты.Олар: article5492 Қазбек Гетериев 8c2ce4 Руслан Сахалбаев IMG_7955   Алексей Еременко ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- (жалғасы бар) Абылайхан ЖҰМАШ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
Малик Маненің голдары
Келесі жаңалық
Каньяс және Джидич
Серіктес жаңалықтары
×