Қазақстандағы трансферлер

06.01.2014, 02:55
Қазақстандағы трансферлер
Карпович подписал контракт с «Атырау» 32 жасар жартылай қорғаушы Андрей Карпович Атырау командасының футболшысы атанды. Келісім-шарт мерзімі - 1 жыл. Андрейдің соңғы ойнаған клубы - шымкенттік "Ордабасы" . Еншісінде 49 ойын, 3 гол. ********************************************************************************************************************** 29 жасар чехиялық қорғаушы Штепан Кучера қостанайлық "Тобыл" командасына қайтып оралды.  2011 жылы Кучера "Тобыл" сапында 22 ойын өткізіпті. Соңғы екі маусым павлодарлық "Ертіс" командасында ойнаған. 52 рет жасыл алаңға шығып, 1 мәрте нысананы дәл көздеген. Штепан Кучера бұған дейін чехияның «Спарта», «Яблонец», «Клдано» және бельгияның «Брюгге», «Руселар» командаларында өнер көрсеткен. Кучера возвращается в «Тобол» ********************************************************************************************************************** Менсур Куртиши "Тобылдан" кетуі мүмкін. Македониялық шабуылшы "Тобыл" командасында екі маусым өткізіп, 32 ойында 10 голдың авторы атанып үлгеріпті. Менсурге қазіргі уақытта Әзірбайжан, ОАЭ, Қытай мен Корея елдерінен бірнеше клубтар  қызығушылық танытып отыр.
Менсур Куртиши покидает «Тобол»?
**********************************************************************************************************************
Белгия ұлттық құрамасының бұрынғы шабуылшысы 28 жасар Фарис Харунға қазақстандық клубтар қызығушылық білдіруде. Ағылшындық «Мидлсборо»  командасымен келісім-шарт мерзімі аяқталған Харун қазіргі кезде бос ойыншы есебінде.
Шабуылшыға бельгиялық «Зюлте-Варегем», норвегиялық «Русенборг» және әзірбайжандық клубтар да қызығушылық танытып отыр. 
Экс-форвард «Мидлсбро» и сборной Бельгии может оказаться в Казахстане
**********************************************************************************************************************
Ел чемпионы «Актобе» командасының 37 жасар капитаны Пётр Бадло командада тағы 1 жыл қалатын болды.
"Ақтөбе" сапындағы ең алғашқы ойынын 2007 жылы 31 наурызда қызылордалық "Қайсар" командасына қарсы өткізді. "Ақтөбе " сапында 164 мәрте жасыл алаңға шығып,9 голдың авторы атанды.
Еврокубоктік ойындарда 35 ойын өткізіп, 1 гол соққан. Бұл қазақстандық клубта өнер көрсететін футболшылар арасындағы рекордтық көрсеткіш.
Бадло Қазақстан Премьер Лигасында барлығы  370 ойын өткізіп, 26 голды өз еншісіне жазған.
Петр Бадло продлил контракт с «Актобе»
**********************************************************************************************************************
Қызылордалық «Қайсар»  23 жасар Тәжікстан ұлттық құрамасы мен «Истиклол» командасының жартылай қорғаушысы Фатхулло Фатхуллоевты қысқы оқу-жаттығу жиынына шақырды. 
Қазіргі командасында Фатхулло 2009 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. «Истиклолмен» 1 мәрте Чемпиондықты, Суперкубокты және қола жүлдені ұтып алды. Сонымен қатар АФК  Президент Кубогының 2012 жылғы жеңімпазы.
Өткен маусымда 16 ойында 2 гол соғып, 10 нәтижелі пастың авторы атанды.
«Кайсар» пригласил игрока сборной Таджикистана
**********************************************************************************************************************
Мануэль Курто шымкенттік "Ордабасы" командасынан шықырту алды.
2013 жылы "Тараз" командасында 12 ойын өткізіп, 4 гол соққан Курто қазіргі кезде бос ойыншы есебінде.
**********************************************************************************************************************
Абылайхан ЖҰМАШ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×